Астана қаласы әкімдігінің "АИТВ инфекциясыны алдын алу орталығы" Мемлекеттік коммунальдық казыналық кәсіпорыны

Қазақстан, Астана, Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02

Құрылымы


  • АИТВ жұқпасын эпидемиологиялық қадағалау бөлімі
  • Диагностикалық зертхана
  • Ұйымдастыру - әдістемелік бөлімі
  • Алдын алу бөлімі
  • Емдеу-профилактикалық көмек бөлімі

АИТВ жұқпасын эпидемиологиялық қадағалау бөлімі

АИТВ жұқпасын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметі төмендегілерге бағытталған

- Астана қаласы аумағындағы АИТВ жұқпасына осал топты тұрғындар мен жалпы тұрғындар арасында АИТВ жұқпасының таралуының алдын алуға бағытталған алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру, жүргізу; 
- ведомстволардың медицина ұйымдары мен мединициналық қызметтеріне кеңестік, практикалық және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуге; 
- АИТВ жұқпасына эпидемиологиялық қадағалау мен алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында, сондай-ақ дәрігерлерді, орта медициналық қызметкерлерді, құқық қорғау органдарының жеке құрамын, арнайы контингенттерді (сотталғандарды) волонтерлерді дайындау кезінде медициналық, ведомстволық, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас;
- АИТВ жұқпасына осал топты тұрғындар үшін алдын алу бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау; 
- Тұрғындарды АИТВ жұқпасының таралу жолдары және жұқтырудың алдын алу әдістері туралы ақпараттандыру, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-білім беру материалдарын тарату; 
- АИТВ жұқпасының алдын алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін оқыту;
- АИТВ-ның берілуін болдырмау жөніндегі медициналық ұйымдарда жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін бағалау:
- АИТВ жұқпасы науқастылығы мен таралу жағдайына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу, эпидемиологиялық ахауалды талдау және бағалау, АИТВ жұқпасының алдын алуға және таралу қарқынын төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу; 
- шолғыншы топтардағы АИТВ жұқпасының таралау деңгейіне екінші буынды эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу, ШЭҚ нәтижелерін талдау және бағалау, алдын алу іс-шаралар кешенін әзірлеу; 
- қолданыстағы ережеге сәйкес АИТВ жұқпасының бар болуына тұрғындарға медициналық зерттеу жүргізуді ұйымдастыру;  медициналық ұйымдарда клиникалық көрсеткіштері бойынша АИТВ-ға тексерілу үшін тиісті құрамды іріктеу сапасы мен толықтығын талдау; 
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес есептік нысанды дайындау; 
- белгіленген заңнамалық тәртіпте сенім пункті мен достастық кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру. 

Бөлім меңгерушісі - жоғары санатты білікті дәрігер Аймағамбетова Інжу Бекетқызы.

Бөлім телефоны: 38 07 02


Диагностикалық зертхана

Диагностикалық зертхана төмендегілерді жүргізеді: 

- АИТВ жұқпасына, В,С,Д вирустық гепатиттеріне  иммуноферменттік талдау әдісімен скринингтік зерттеу жүргізу, В гепатитіне маркерлік  ИФТ-диагностикасын жүргізу;

- диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырғандарға, сифилиске, оппортунистік жұқпаларға ИФТ-диагностикасын жүргізу; 

- зерттеу сапасына зертханаішілік бақылау жүргізу және зерттеу сапасын сыртқы бақылауға қатысады (Ұлттық бағдарлама және Халықаралық бағдарлама); 

- қауіпті мінез-құлық топтарындағы 5 шолғыншы топта АИТВ жұқпасына шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргізу барысында  АИТВ-ға, С гепатитіне және сифилиске зертханалық зерттеу жүргізеді; 

- АРТ-терапиясының тиімділігіне мониторинг жүргізу үшін ПЦР әдісімен қандағы АИТВ 1 вирусын сандық анықтау; 

- АИТВ жұқтырғандардың иммундық статусын бағалау үшін ағынды цитометрия әдісімен  СД4, СД8, СД3-ті анықтау;

- диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырғандарға жалпыклиникалық, гематологиялық, серологиялық зерттеу жүргізу; 

- АИТВ-ға зертханалық зерттеулердің сапасын бақылау жүйесін ұйымдастыру, қан сарысуларының оң үлгілерін мұрағаттау. 

Бөлім меңгерушісі Хамитжанова Нейла Абдикаппаровна

Телефон 38 04 97, 27 95 05


Ұйымдастыру - әдістемелік бөлімі

Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі жүзеге асырады:

- АИТВ жұқпасының алдын алу, диагностикалау мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру, АИТВ жұқтырғандар мен ЖИТС-пен ауыратындарды емдеу; 

- ведомстволардың медициналық ұйымдары және медициналық қызметтеріне және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің оқу бөлімдеріне, Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету; 

- АИТВ жұқпасы бойынша мәселелерді үйлестіру кеңестерінде, алқаларда қарастыру; 

- жергілікті атқару органдарымен, денсаулық сақтау басқармасы органдарымен, түрлі ведомстволар мен қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп АИТВ жұқпасы мәселелері бойынша алдын алу бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; 

- АИТВ жұқпасына осал топты тұрғындар үшін алдын алу бағдарламаларының тиімділігін мониторингілеу және бағалау; 

- АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру мониторингі; 

- тұрғындарды АИТВ жұқпасының таралу жолдары мен жұқтырудың алдын алу әдістерімен ақпараттандыру, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-білім беру материалдарын шығару және тарату; 

- түрлі ведомстволардың мамандарын, орта және жоғары оқу орындарының педагогтары мен мектеп оқушыларын оқытуды ұйымдастыру;     

- медициналық қызметкерлерге арналған семинарларды ұйымдастыру және өткізу. 

Бөлім меңгерушісіжоғары санатты білікті дәрігер Айтмағанбетқызы Жанна.

Байланыс телефоны: 38 04 71


Алдын алу бөлімі

Алдын алу бөлімінің қызметі мыналарға:

- Астана қаласының аумағында, АИТВ-ға бейім халықтың осал топтары мен жалпы халық арасында АИТВ-инфекциясының таралуын алдын алуға бағытталған алдын алу іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;

- Донорлық биоматериалдың трансфузиясымен (тамысалдаумен) айналысатын медициналық ұйымдарға, ҚАЖКБ-ға, ІІД-не, ШТБ-ға консультативтік, практикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетуге;

- АИТВ-ның таралуының алдын алу бойынша донорлық биоматериалдың трансфузиясымен (тамысалдаумен) айналысатын медициналық ұйымдар жүргізетін іс-шаралардың тиімділігін бағалауға;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.11.2011 ж. № 1280 Қаулысына сәйкес АИТВ-ның таралуының алдын алу бойынша донорлық биоматериалдың трансфузиясымен (тамысалдаумен) айналысатын медициналық ұйымдарда медициналық зерттеуді ұйымдастыруға;

- донорлық биоматериалдың трансфузиясымен (тамысалдаумен) айналысатын медициналық ұйымдардың клиникалық көрсеткіштері бойынша АИТВ-ға зерттеу үшін контингентті іріктеудің толықтығы мен сапасын талдауға;

- профилактикалық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ дәрігерлерді, орта медицина қызметкерлерін, педагогтарды, оқушыларды, ата-аналарды, жасөспірімдерді, әскери бөлімшелердің жеке құрамыны, сотталғандарды, еріктілер мен жастарды дайындау үшін, медициналық, ведомстволық, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

- жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтау басқарма органдарымен, түрлі ведомстволар мен қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, АИТВ-инфекциясының проблемасы бойынша алдын алу бағдарламаларын әзірлеуге қатысуға; 

- АИТВ-инфекциясының таралу қарқынының алдын алуға және төмендетуге бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізуге;

- заңнамамен белгіленген тәртіпте сенім пунктілері мен достық кабинеттерінің қызметін ұйымдастыруға; 

- түрлі ведомстволардың мамандарын, мектеп ұстаздары мен оқушыларын, орта және жоғарғы оқу орындарының қатысушыларын оқытуды ұйымдастыруға; 

- медициналық қызметкерлер үшін семинарларды ұйымдастыру мен өткізуге;

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің медициналық ұйымдары мен медициналық қызметтердің ведомстволарына және оқу орындарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетуге; 

- халықтың АИТВ-ға осал топтары арасында алдын алу бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг жүргізуге және бағалауға;

- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын өзге де бағдарламалар мен келісімдерді іске асыруға мониторинг жүргізуге; 

- Халықты АИТВ-инфекциясының таралу жолдары туралы және жұқтырудың алдын алудың әдістері бойынша ақпараттандыруға, түрлі ведомстволардың мамандарын оқытуды ұйымдастыруға, санитарлық-ағартушылық жұмыстарды жүргізуге, ақпараттық-білім беру материалдарын басып шығаруға және таратуға; 

- АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселесі бойынша медициналық жұмыскерлерді оқытуға;

- шолғынды топтардағы АИТВ-инфекциясының таралу деңгейіне екінші буындағы эпидемиялық қадағалауды жүргізуге, алдын алу іс-шараларының кешенін әзірлеуге қатысуға;

- халықтың түрлі топтары арасында АИТВ және ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттық-білім беру жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге; 

- АИТВ-ны эпидемиялық қадағалауды және АИТВ мен ЖИТС бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нұсқаулықтық, әдістемелік материалдардың жобаларын әзірлеуге қатысуға; 

- БАҚ-ты тарта отырып, АИТВ мен ЖИТС-тың проблемасына бағытталған іс-шараларға қатысуға, пресс-конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, ток-шоуларды, сұрақтар мен жауаптар кештерін, мақалаларды әзірлеуді ұйымдастыруға; 

- халықтың түрлі топтары үшін оқыту бағдарламаларын, оқыту мен көрнекі құралдарды, ақпараттық материалдарды әзірлеу мен таратуға қатысуға;

- заңнамамен белгіленген тәртіпте сенім пунктерінің қызметін ұйымдастыруға;

- заңнамамен белгіленген тәртіпте достық кабинеттерінің қызметін ұйымдастыруға бағытталған.

Бөлім меңгерушісі - Саулебаев Ұлықбек Рахымжанұлы.

Байланыс телефоны: 27 95 04

Емдеу-профилактикалық көмек бөлімі 

Емдеу-профилактикалық көмек бөлімі:

- АИТВ жұқтырғандар мен ЖИТС-пен ауыратын науқастарды диспансерлік есепке алу және емдеу;

- АИТВ жұқтырғандар мен ЖИТС-пен ауыратын науқастарды антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету;

- АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерге жүктілік, босану кезінде және жаңа туған нәрестелерге вирусқа қарсы алдын алу емін ұсыну жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;

- АИТВ-инфекциясы бар ересектер мен балалардағы қосалқы, оппортунистік (пневмоцистік пневмония және токсоплазмоз) аурулардың химиопрофилактикасы және оппортунистік ауруларды (пневмоцистік пневмония, герпестік инфекция, токсоплазмоз және кандидоз) амбулаториялық жағдайларда емдеу.;

- АИТВ-ға тестілеуге дейін және кейін психоәлеуметтік кеңес беру;

тұрғындардың байланыстан кейінгі антиретровирустық профилактикаға қол жеткізуін қамтамасыз ету;

- психоәлеуметтік кеңес беру және тестілеу қызметтерінің қолжетімділігін бағалау (оның ішінде анонимді);

- АИТВ жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету;

- медициналық ұйымдарға және ведомстволардың медициналық қызметтеріне консультациялық, практикалық көмек көрсету;

- заңнамада белгіленген тәртіппен Достық кабинеттердің қызметін ұйымдастыру.

Бөлім меңгерушісі  -  Сергалиеву Алия Шуртанбаевна

бөлім телефоны 38-04-64

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу