Елордада «Теңдік уақыты!» жастар форумы өтті

2022 жылғы 28 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында Л.Н.Гумилев атындағы «Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ базасында «Теңдік уақыты!» жастар форумы өтті.
Іс-шараға жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері, оқытушылар, үкіметтік емес ұйымдар және Астана қаласының АИТВ орталығының мамандары қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты-жұртшылықтың, әсіресе студенттердің АИТВ-инфекциясы проблемасына назарын аудару, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің теріс әсерінің алдын алу мен азайтудың маңыздылығын талқылау.
Форумға қатысушылар өз білімдерімен, достарымен волонтерлік тәжірибелерімен бөлісті, АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелерін талқылады. Форум барысында естелік сыйлықтармен викторина ойыны ұйымдастырылды.
Форум кезінде инвазивті емес әдіспен АИТВ-ға жедел тестілеу ұйымдастырылды, онда әрбір адам АИТВ-ға тегін, анонимді тестілеуден өте алды.
