Астана қаласы әкімдігінің "АИТВ инфекциясыны алдын алу орталығы" Мемлекеттік коммунальдық казыналық кәсіпорыны

Қазақстан, Астана, Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Елордалық «Керуен» СОО акция


2022 жылғы 28 қарашада елордалық «Керуен» СОО келушілеріне арналған экспресс-тестілеу бойынша акция өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырды. Акциялар Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында 2022 жылдың 21 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында өтуде.

Акция барысында орталық мамандары АИТВ-инфекциясын жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары, тестілеудің маңыздылығы және өз АИТВ мәртебесін білу қажеттілігі туралы және стигма мен кемсітушілік тақырыптарын қозғады. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Бұл іс-шаралар - АИТВ-инфекциясының таралуы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу мәселелеріне халықтың назарын аудару мүмкіндігі.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу