Астана қаласы әкімдігінің "АИТВ инфекциясыны алдын алу орталығы" Мемлекеттік коммунальдық казыналық кәсіпорыны

Қазақстан, Астана, Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Oraquick HIV-1/2 сілекей сұйықтығы бойынша экспресс-тестті пайдалану бойынша зертхана қызметкерлерімен семинары


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы сапа менеджменті жүйесі  аясында қызметкерлерді оқыту бойынша үнемі жұмыс жүргізеді.

2021 жылғы 11 наурызда ORAQUICK HIV-1/2 сілекей сұйықтығы бойынша экспресс-тестті пайдалана отырып, АИТВ-ға экспресс-тестілеуді өткізу сапасын қамтамасыз ету бойынша зертхана қызметкерлеріне арналған ішкі семинар өтті.

Экспресс-тестілеуді өткізу сұрақтары, қолдану көрсеткіштері, ORAQUICK HIV-1/2  экспресс-тестін пайдалана отырып тестілеу техникасы, сапаны қамтамасыз ету және бақылау, экспресс-тестілеу кезіндегі қателер, нәтижелерді түсіндіру бойынша жаттығулар, ORAQUICK HIV1/2 экспресс-тестін практикалық өткізу туралы айтылды. Құжаттаманы жүргізу негіздері (СОП, нәтижелерді есепке алу, тіркеу журналы), түзету іс-әрекеттерін орындау ұсынылған.

ORAQUICK HIV-1/2 жедел тесті бір рет қолдануға арналған және сапалы иммунохроматографиялық тест болып табылады, оның нәтижесі АИТВ-1 және АИТВ-2 антиденелерін анықтау үшін визуалды түрде оқылады, тесттің сезімталдығы 100%, ал ерекшелігі-99,8%. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу