Нұр-Сұлтан қ. №2емханасында Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес кампаниясы аясында атты ашық есік күні

2019 жылдың 12 қарашасында Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес кампаниясы аясында №2 қалалық емханасында ЖИТС орталығының мамандары мен «Алтын Арай» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» атты ашық есік күні өткізілді.
Аталған іс-шара тұрғындардың АИТВ жұқпасының алдын алу мәселелері жөніндегі ақпараттық деңгейлерін арттыруға және қауіпсіз жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.
Акция барысында тілек білдірушілер АИТВ-ға тегін, жасырын түрде экспресс-тесттен өтуге мүмкіндік алды.
