Астана қаласы әкімдігінің "АИТВ инфекциясыны алдын алу орталығы" Мемлекеттік коммунальдық казыналық кәсіпорыны

Қазақстан, Астана, Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

«Тұран Астана» университетінің студенттері АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті


2021 жылдың 22 қарашасында «Тұран Астана» университетінің студенттері «Өз АИТВ мәртебеңді біл!» акциясына қатысып, АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті. Бұл акция Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған.

Әрбір тілек білдіруші мобильді тестілеу пунктінде құпия және тегін тексеруден өтіп, мамандардан кеңес ала алды. «Біздің «Өз АИТВ мәртебеңді біл!» көшпелі акциямыз  бұл АИТВ-ны уақтылы анықтаумен қатар, жастарға АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы еске салу мүмкіндігі болып табылады. Биылғы жылдың 10 ай қорытындысы бойынша АИТВ-ны жұқтыру жағдайларының 82% - ы жыныстық жолмен, оның ішінде 60%-ы кездейсоқ жыныстық қатынас нәтижесінде болған», - деп атап өтті ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызы. Тестілеуге қатысқаны үшін студенттер естелік сыйлықтар мен буклеттер алды. Барлығы АИТВ – ға 27 адам тестілеуден өтті. 



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу