Астана қаласы әкімдігінің "АИТВ инфекциясыны алдын алу орталығы" Мемлекеттік коммунальдық казыналық кәсіпорыны

Қазақстан, Астана, Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Астана қаласы АИТВ орталығы мен ҚАЖД-ның өкілдерімен ведомствоаралық жиналыс өтті

2022 жылы 23 ақпанда АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында Астана қаласындағы ҚАЖД өкілдерінің қатысуымен, 2022 жылда бірлескен жұмыстың қорытындылары бойынша ведомствоаралық жиналыс өтті.

Жиналыста ҚАЖД мекемелерінде АИТВ-инфекциясына қарсы іс-қимыл және алдын алу бойынша өзекті мәселелер, сондай-ақ, 2022 жылға арналған пенитенциарлық жүйеде тестілеу бойынша талдау талқыланды. АИТВ орталығының дәрігерлері алдын алу жұмыстың қызметін талдау, эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясына тестілеу, сондай-ақ, Астана қаласының АИТВ орталығы мен ҚАЖД-нің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі диспансерлік бақылау және АРТ тиімділігі бойынша өзара іс-қимылын іске асыру барысы туралы баяндама жасады.

Орталық директоры С.Б.Абдраимов сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды азаматтық денсаулық сақтауға беруге байланысты сабақтастықты одан әрі қамтамасыз етуіне тоқталып, арнайы контингенттің, оның ішінде, АӨА-ның денсаулығын қорғау мәселелерінде бірлескен бақылауды күшейту туралы атап өтті.

Отырыстың қорытындылары бойынша қатысушылар профилактикалық бағдарламаларды одан әрі сапалы жүзеге асыру мен барлық мәселелерді ведомствоаралық деңгейде шешу туралы келісімге келді. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу