Астана қаласы әкімдігінің "АИТВ инфекциясыны алдын алу орталығы" Мемлекеттік коммунальдық казыналық кәсіпорыны

Қазақстан, Астана, Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Полиция департаментімен ведомствоаралық жиналыс өтті


2023 жылдың 28 ақпанында Астана қаласы АИТВ орталығы базасында АИТВ-инфекциясының эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Астана қаласы Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен ведомствоаралық жиын ұйымдастырылды. 

Жиынның негізгі мақсаты осал топтар арасында АИТВ-инфекциясының  таралуын төмендету мәселелері бойынша қарым-қатынасты нығайту және эпидемияға қарсы шараларды өткізуге көмектесу болып табылады.  

Жиын барысында Астана қаласында АИТВ-ның таралуындағы ХНТ рөлі, емделушілерді іздеу бойынша өзара әрекеттестіктің қорытындысы, АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы бойынша өзекті мәселелер талқыланды.  Жиынға қатысушылар 2022 жылғы бірлескен жұмыс қорытындысын, сондай-ақ, 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылады.

Жиын қорытындысы бойынша екі жақтың нәтижелі және оң тұжырымды өзара әрекеттестігі байқалды, сондай-ақ АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі күшейту және орын алған кемшіліктерді жою туралы шешім қабылданды.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу