Астана қаласы әкімдігінің "АИТВ инфекциясыны алдын алу орталығы" Мемлекеттік коммунальдық казыналық кәсіпорыны

Қазақстан, Астана, Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Нұр-Сұлтан қаласының "Назарбаев" халықаралық әуежайындағы акция




2019 жылдың 14 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Назарбаев» халықаралық әуежайында ЖИТС орталығының дәрігерлері көліктегі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдерімен бірлесіп, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» акциясын өткізді.

Елорда  тұрғындары мен қонақтарына дәрігерлер акцияның мақсаты, астанада АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы қысқаша баяндап, АИТВ және ЖИТС мәселелері жөнінде кеңес берді. 

Іс-шараға қатысушыларға екі әдіспен: қан тапсыру және сілекей әдісімен АИТВ-ға экспресс-тестілеу ұсынылды. Сілекей экспресс-тесттері бойынша сұрақтар қойылды, барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Акцияға «СТВ» телеарнасының журналистері және «Казахстанская правда» ақпараттық агенттігі шақырылды.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу