Ақылы кызмет бағалары
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.
Ақылы қызметтер мынадай жағдайларда көрсетіледі:
• пациенттердің бастамасы бойынша бастапқы медициналық-санитариялық көмекті, диагностикалық және емдік қызметтерді, оның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасынсыз көрсетіледі;
• дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
• тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;
• жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін азаматтарға медициналық тексеру жүргізу;
• ұйыммен, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету.
№ | Тест | Орындалу мерзімі (күндері) | Бағасы, теңгемен |
1 | АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау(скрининг) | ||
1.1 | АИТВ-1,2 АТ-ға ИФТ әдісімен қанды талдау | 1 күн | 980 тг |
2 | В, С вирустық гепатиттерін зертханалық диагностикалау (скрининг) | ||
2.1 | В гепатитінің беткі антигеніне (НВsAg) ИФТ әдісімен қанды талдау | 1 күн | 765 тг |
2.2 | С гепатитінің антиденесіне (anti-HCV) ИФТ әдісімен қанды талдау | 1 күн | 1190 тг |
3 | В гепатитінің вирусын ашық диагностикалау | ||
3.1 | В вирустық гепатитінің өзекшелі антигеніне М класының антиденесіне (a-HВcor IgМ) ИФТ әдісімен қанды талдау | 1 күн | 845 тг |
3.2 | В вирустық гепатитінің өзекшелі антигенінің жиынтықтық М антиденесіне (а-НВсог total) ИФТ әдісімен қанды талдау | 1 күн | 845 тг |
3.3 | В вирустық гепатитінің НBе-антигеніне (HBeAg) ИФТ әдісімен қанды талдау | 1 күн | 885 тг |
3.4 | В вирустық гепатитінің НBе-антигенінің (a-Hbe lgG)антиденесіне ИФТ әдісімен қанды талдау | 1 күн | 875 тг |
3.5 | В вирустық гепатитінің НВsAg(a-HBs) антиденесіне ИФТ әдісімен қанды талдау | 1 күн | 875 тг |
3.6 | D вирустық гепатитінің (a-HDV total) антиденесіне ИФТ әдісімен қанды талдау | 1 күн | 875 тг |
4 | Мерезді зертханалық диагностикалау | ||
4.1 | ИФТ әдісімен мерезге жиынтық антиденелерді анықтау | 1 күн | 955 тг |
5 | АИТВ емдеу тиімділігінің зертханалық көрсеткіштері: | ||
5.1 | Нақты уақыт тәртібіндегі (вирустық жүктеме) ПТР әдісімен плазмадағы АИТВ1 вирустық көшірмелерді сандық анықтау | 14 күн | 27630 тг |
5.2 | Ағынды цитометрия әдісімен плазмадағы Т-лимфоциттердің СД4 жасушаларын есептеу | 2 күн | 6150 тг |
6 | Қан алу | қызмет | 540 тг |
7 | Резидент емес тұлғаларға психо-әлеуметтік кеңес беру(10 мин) | 10 мин | 510 тг |
8 | Оқыту семинарлары | ||
8.1 | 2017 жылға арналған жоғары және орта кәсіптік білімі бар жұмыскерлерге арналған «АИТВ/ЖИТС-пен күресу үшін әлеуетті арттыру мақсатымен медициналық қоғамды оқыту және қолдау көрсетеді» (3 күн, 12 сағат) | қызмет | 20 000 тг |
Аталған мерзімге биоматериалды алған күн енгізілмейді
Зертаханалық қызметтерден басқа қажет болған жағдайда алынған нәтижелерге түсінік беруді және консультациялық қызметтерді 38 04 97 телефон номері арқылы ала аласыз.
Талдауға дайындау
• Пациентті қанды талдауға тапсыруға дайындау
• Тапсыру уақыты: қан алу кестесіне сәйкес жұқпалы ауруларға (АИТВ, гепатиттер, мерез)
• Иммундық мәртебеге, биохимияға, қанның клиникалық талдауы - таңертең, 8-ден 10-ға дейін. Таңертең аш қарынға, басқа уақытта соңғы ас қабылдау мен қан алу арасында кемінде төрт сағат өтуі тиіс, холестерин – 12 сағаттық ашығу.
• Талдауды тапсыру күні эмоционалды тыныштық қажет
• Тексеруге дейін кемінде 3 күн бұрын ауыр дене күшін түсірмеген абзал (оның ішінде спорттық жаттығулар)
• Жолдамаға жазу үшін қан тапсыру кезінде қандай да болмасын дәрілік затты қабылдағандығы туралы хабарлау қажет
• Алкогольдік ішімдіктерді – кем дегенде 2 күн бұрын ішпеген жөн
• Шылым шегу – зерттеуге дейін ең болмағанда 1 сағат ішінде темекі шекпеген жөн
• Қанды талдауға дәрілік заттарды қабылдағанға дейін (мысалы, антибиотиктер мен химиотерапиялық препараттар) немесе олардың күші жойылғаннан кейін 10-14 күннен соң тапсырады
• Физиотерапевтік процедуралар, аспаптық зерттеу және басқа да медициналық процедуралардан кейін қан тапсыруға болмайды
• Зертханалық көрсеткіштерді бақылау кезінде бірдей жағдайларда қайталама зерттеулер жүргізу ұсынылады: бір зертханада, тәуліктің бір уақытында, бірдей дене қалпында жатып тапсыру қажет
Қан сынамасы
Зәр-жыныс жолынан жұғынды/қырынды алу үшін пациенттерді дайындау
• Талдау алдында 1-2 күн бұрын жыныстық қатынасқа түспеу.
• Әйел адамдар талдау алдында 7 күн бойында тампондарды, шариктерді, майларды, қынаптық - емдеу, сондай-ақ жүктілікке қарсы (қынаптық) таблеткаларды қолданудан бас тартуы қажет.
• Еттеккір циклі кезеңінде тексеруден өтуге болмайды.
• Талдауды антибиотиктерді және есірткелік препараттарды қабылдау кезеңінде тапсыруға болмайды (үзіліс кемінде 14 күнді құрауы тиіс).
• Кольпоскопиялық тексеруді жүргізгеннен кейін тексеруден өтуге болмайды.
• Жұғында алғанға дейін таңертең жуынуға және шашыратып себілуге (спринцевание) болмайды.
• Жоғарыда аталған нұсқамаларды толықтай орындаған жағдайда ғана нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Біз сіздің сеніміңізді және өз беделімізді бағалаймыз!