Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), І. Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Баспасөз хабарлама


16.11.2020 жыл

«Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен елордада 16-шы қарашадан 22-ші қараша аралығында СПИД-ке қарсы күрес күндері басталды. 2020 жылы күллі әлемге үрей туғызған CОVID-19 пандемиясы баршамызға денсаулық мәселесі басты мәселе екенін, жақынына жанашыр болуды, ынтымақтастық баршаға ортақ жауапкершілік екенін дәлелдеп берді. Сол себепті де науқан биыл «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» деген тақырыппен ел назарын аударуды жөн көрген.

«Біз, қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығы жыл бойына қала тұрғындарымен етене жұмыс атқарамыз. Деседе, бұл айтулы күндердің берері көп. Әсіресе, ағымдағы жылы тұрғындар назары CОVID-19 пандемиясына ауған шақта АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмірі назардан тысқары қалмауы керек. Себебі, ол адамдардың қауіпсіздігі, сақтық шарасы, тіпті жеке бастарына қатысты стигма мен кемсітушілікті жою, барлық мұқтаж жандарды  қажетті дәрі-дәрмектермен және қызметтермен қамтамасыз ету, адам құқықтары мен гендерлік теңдікке негізделген тәсілдерді пайдалану – Орталықтың басты міндетінің бірі болып табылады. Осы міндеттерімізді орындау барысында біз қоғамдық белсенділік пен ынтымақтастықты сабақтастыра отырып, АИТВ-ға шалдыққан адамдарды ақпаратпен, көрсетілетін қызметтермен, әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ете отырып оларға болашаққа деген үлкен үміт сыйлаймыз. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнін жариялай отырып, біз бүкіл елді бізбен бірге дені сау қоғам құру жөніндегі күш-жігерімізді жандандыруға шақырамыз», - дейді Орталық директоры С.Абдраимов. Аталмыш күндері жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласында қоғам назарын аударуға арналған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, халық көп жиналатын жерлерде ауқымды акциялар ұйымдастырылып келген. Биыл пандемия салдарынан туындаған карантин талабына бағына отырып өткізуді жоспарлап отырмыз. Яғни жоспардағы іс-шаралар онлайн түрде ұйымдастырылып, әлеуметтік желілер арқылы өтеді.

  Онлайн форматта кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы, ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы «Спорт ЖИТС-ке қарсы» арнайы елшісі Б.Артаевтың және үкіметтік емес ұйым өкілдері, сонымен қоса ЖИТС орталығы директорының қатысуымен «Орда FM» радиосында АИТВ сұрақтары төңірегінде арнайы бағдарлама өтеді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «АИТВ профилактикасына менің қосатын үлесім» атты челлендж ұйымдастырылады. Аталмыш апта барысында Орталықтың жұмысын насихаттап, тұрғындар мен сала мамандары арасында ақпараттық көпір болып келген БАҚ өкілдері марапатталады. Бұл жоба АИТВ-ның алдын алу жұмыстарының үнемі қоғамның назарынан тыс қалмауын қамтамасыз ету үшін болашақта да БАҚ-пен тығыз байланыста болуға жол ашады. Жоспардағы өтуі тиіс шаралардың бірі колледж мен мектеп оқушыларына да арналды. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасымен бірлесіп  оқушылар арасында АИТВ тақырыбында үздік шығарма байқауы өтсе, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің студенттері арасында «Өнер АИТВ-ға қарсы» атты үздік бейнеролик сайысқа түседі. Осы шаралармен қатар мамандарымыз әлеуметтік желілер арқылы, телефон арқылы тұрғындармен ұдайы байланыста болып, кеңес беріп, сұрақтарға жауап береді. Карантин талаптарын сақтай отырып достық кабинетінде ашық есік күндері өткізіледі. Орталықта тіркеуде тұрған АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың арасындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына азық-түлік жиынтығы салынған себеттер табыс етіледі. Айтулы аптаның соңында, өткізілген іс-шараны қортындылай келе, АИТВ-ның алдын алу жолдарын халыққа ақпарат құралдары арқылы кеңінен насихаттау мақсатында БАҚ өкілдерімен баспасөз жиыны өтеді. Пресс-конференция 20-шы қарашаға жоспарлануда. 

Жүргізілетін науқанның МАҚСАТЫ: қала тұрғындары, әсіресе жастар арасында АИТВ-инфекциясын жұқтыру және алдын алу мәселелері бойынша, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және барлық мүдделі тараптардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын нығайту жолымен хабардар болу деңгейін арттыру. ЖИТС-ке қарсы күрес күндері аясында өткізілетін барлық іс-шаралар ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ҚР-дағы кеңсесі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Білім басқармасының, Қазақ ұлттық өнер академиясы және Мемлекеттік емес ұйымдардың қолдауымен бірлесіп өткізіледі.


Өткен он айдың көрсеткіші бойынша қаламызда жаңадан 204 адамнан АИТВ-ы анықталған. Оның 153-і ерлер қалған 51-і әйелдер. Жалпы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша алғаш тіркелген күннен бүгінге дейін 1932 адам тіркеуде тұрады.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу