Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), І. Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Аутрич қызметкерлерімен жиын өтті


2021 жылдың 01 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ЖИТС орталығы базасында орталықтың директоры С.Б.Абдраимов аутрич қызметкерлерімен кезектен тыс жиын ұйымдастырды. 

Жиынның негізгі мақсаты халықтың осал топтары арасында АИТВ-инфекциясының  таралуын төмендету мәселелері бойынша қарым-қатынасты нығайту және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу болып табылады.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар халықтың осал топтарына достық кабинеттерінде емдік-профилактикалық шараларды жүргізу, қарым-қатынасқа дейінгі және кейінгі профилактика жайлы кеңес беру жолдары жайлы, аутрич қызметкерлерінің жүктемесін талқылады. 

Жиын қорытындысы бойынша екі жақтың оң тұжырымды өзара әрекеттестігі байқалды, сондай-ақ АИТВ таралуының алдын алуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі күшейту және орын алған кемшіліктерді жою туралы шешім қабылданды. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу