Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), І. Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ЖИТС орталығының Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚАЖД өкілдерінің қатысуымен өткен ведомствоаралық семинары


2020 жылғы 27 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын-алу және оған қарсы күрес орталығында ҚАЖД өкілдерімен 2019 жылда бірлескен жұмыстың қорытындылары бойынша ведомствоаралық кездесуі өткізілді.

Отырыста ҚАЖД объектілерінде АИТВ-инфекциясының алдын алу және түрме жүйесіндегі 2019 жылғы  АИТВ бойынша  өзекті мәселелері талқыланды. Кездесу барысында бас бостандығынан айыру орталықтарындағы профилактикалық жұмыстары мен АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы мен оған тестілеу деңгейі жөнінде, сонымен қатар ЖИТС орталығы мен ББАО-ның АИТВ-инфекциясын бақылау мен емдеу жөніндегі өзара жұмыс барысы туралы баяндамалар жасалды.

Отырыстың қорытындылары бойынша қатысушылар профилактикалық бағдарламаларды одан әрі сапалы жүзеге асыру мен барлық мәселелерді ведомствоаралық деңгейде шешу туралы келісімге келді.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу