Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), І. Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар аяқталды

2020 жылғы 16-22 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өтті. 

Осы акция шеңберінде ЖИТС орталығы тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша бірнеше маңызды іс-шаралар өткізді. Қала колледждерінің студенттері мен оқушылары арасында «Менің АИТВ-н өмір сүретін адамдарға көзқарасым» тақырыбында шығармалар конкурсы, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері арасында «Өнер АИТВ-ға қарсы» тақырыбында бейнероликтер конкурсы өткізілді. Осы апта барысында АИТВ-инфекциясы бойынша мәселелерді белсенді жариялаған БАҚ өкілдері бағалы сыйлықтармен марапатталды. ЖИТС орталығының директоры С.Абдраимов және ЮНЕЙДС-тің Қазақстандағы «Спорт АИТВ-ға қарсы» арнайы уәкілі Б.Артаевпен бірге «Орда ФМ» радиосының тікелей эфиріне қатысты. ЖИТС орталығының қызметкерлері халықпен ақпараттық кездесулер өткізіп, сондай-ақ ҚР ДСМ ҚДСҰО теле-студиясында ЖИТС орталығы директорының орынбасары С.Мусина сөз сөйледі.

Акцияға «Жария» халықаралық орталығы» ҚҚ, «Жизнь вопреки» ҚҚ және «Шаг в будущее» ҚҚ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, олар «АИТВ-инфекциясының алдын алуға менің үлесім» челленджін қолдап, «Аутрич-қызметкердің өмірінен бір күн» бейнероликтерінде өз жұмыстарын көрсетті.

Акция соңында АИТВ-мен өмір сүретін және ЖИТС орталығында есепте тұрған адамдарға карантин кезеңінде үлкен қолдау болған азық-түлік пакеттері таратылды.


Events dedicated to World AIDS Day ended in Nur-Sultan

From November 16 to 22, 2020 in the city Nur-Sultan, events were held to mark World AIDS Day, under the slogan "Global Solidarity, Shared Responsibility". 

As part of this action, the AIDS Center carried out several significant events that had an impact on the prevention work among the population on HIV infection. An essay competition was held among pupils and students of the city's colleges on the theme: "My attitude to HIV-positive people", among students of the Kazakh National University of Arts, a video competition was held on the theme: "Art against HIV." During this week, valuable gifts were awarded to representatives of the media, who actively covered the issues of HIV infection. Director of the AIDS Center S. Abdraimov together with the UNAIDS special envoy to Kazakhstan "Sport against HIV" B. Artayev took part in a live broadcast on the radio "Orda FM". The staff of the AIDS Center held informational meetings with the population, and a speech was also held at the TV-studio of the NCPH with the Deputy Director of the AIDS Center S. Musina.

The action was attended by representatives of nongovernmental organizations, such as PF International Center «Zhariya», PF «Zhizn vopreki» and PF «Shag v budushee», who supported the challenge “My contribution to HIV prevention” and showed their work in the videos “One day in the life of an outreach worker ”.

At the end of the action, grocery bags were distributed to people living with HIV and registered at the AIDS Center, which was a huge support during the quarantine period.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу