Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), І. Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Нұр-Сұлтан қаласында «Денсаулық фестивалі – 2019» өтті

2019 жылдың 07 қыркүйегінде қалалық «Столичный» саябағында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Денсаулық Фестивалі–2019» кең ауқымды акциясы өтті. Акция Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, ЖИТС орталығының және қалалық емханалардың қатысуымен ұйымдастырылды.

Денсаулық фестивалінің ашылуы концерттік бағдарламалардан, би және әсерлі фитнес жаттығулардан басталды. Күні бойы елорда тұрғындары үшін медиа-тұлғалар, «Киокуншинкай каратэ» орталығының тәрбиеленушілері, халықаралық, республикалық вокалдық және би конкурстарының лауреаттары өнер көрсетті.

Фестивальдің мақсаты – белсенді өмір салтын жүргізуге жұртшылықтың, қалың бұқараның назарын аудару, денсаулыққа арналған қозғалыс белсенділігінің артықшылықтары туралы әртүрлі жастағы халықтың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ДДСҰ сарапшыларының ұсынымдарына сәйкес күнделікті қажетті дене белсенділігінің дағдыларын қалыптастыру.

Акция аясында «Медицина аумағы» бөлінді, онда әрбір ниет білдірушінің өз салмағын, бойын, белінің көлемін, сондай-ақ қан қысымының деңгейін, холестеринді және қантты тексеруге, көзін тексертуге, АИТВ бойынша экспресс-тестілеуден және флюорографиялық тексеруден өтуге мүмкіндігі болды. Бұдан басқа, қатысушылар МӘМС, СӨС аспектілері мен скрининг бойынша мамандардан кеңес алды.

Спорт белсенділері «Спорттық аумақтағы» ерлер мен әйелдер арасындағы 1500 метр қашықтыққа жүгіру, қол күресі, секіргішпен секіру, гір тасын көтеру сияқты жарыстарға қатысты. Қол күресі бойынша спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, 1500 метр қашықтыққа жүгіргендері үшін ЖИТС орталығының мамандары А. Жонжақсынов пен Б. Оразумбекова 2 жүлделі орынға ие болып, медальдармен, Құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу