Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), І. Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Нұр-Сұлтан қаласындағы семинар-тренинг


2021 жылы 26 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК Нұр-Сұлтан қаласындағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының жалпы тәжірибелік дәрігерлері, терапевтері және инфекционист мамандарына арналған «АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеудің өзекті мәселелері, клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша контингенттерді таңдау және медициналық ұйымдардағы кемсітушілік пен стигма» атты семинар-тренинг өтті.

Емдеу-профилактикалық бөлімшесінің меңгерушісі А.Ш.Сергалиева, АИТВ эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер-эпидемиологы З.Б.Рахымбаева, «Жизнь вопреки» қоғамдық қорының жетекшісі А.Ж.Мукушева баяндамалар жасады.

Семинарға қатысушылар жаңа нормативтік құқықтық актілердің ережелерін, АИТВ-ға тексеру үшін контингенттерді таңдап алу және оларды код тағайындауды, қателерді талдауды және басқа да маңызды мәселелерді талқылады.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу