Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), І. Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Полиция департаментімен ведомствоаралық жиын өтті

2021 жылдың 10 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ЖИТС орталығы базасында АИТВ/ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен ведомствоаралық жиын ұйымдастырылды. 

Жиынның негізгі мақсаты халықтын негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясының  таралуын төмендету мәселелері бойынша қарым-қатынасты нығайту және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге, оның ішінде емделуден жалтарған пациенттерді іздеуге жәрдемдесу болып табылады.

Жиынға қатысушылар 2020 жылғы бірлескен жұмыс қорытындысын талқылады.

Жиын қорытындысы бойынша екі жақтың нәтижелі және оң тұжырымды өзара әрекеттестігі байқалды, сондай-ақ АИТВ таралуының алдын алуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі күшейту және орын алған кемшіліктерді жою туралы шешім қабылданды.  

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу