Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), І. Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар аяқталды


2020 жылғы 16-22 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өтті. 

Осы кампания шеңберінде ЖИТС орталығы тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша бірнеше маңызды іс-шаралар өткізді. Қала колледждерінің студенттері мен оқушылары арасында «Менің АИТВ-н өмір сүретін адамдарға көзқарасым» тақырыбында шығармалар конкурсы, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері арасында «Өнер АИТВ-ға қарсы» тақырыбында бейнероликтер конкурсы өткізілді. Осы кампания барысында АИТВ-инфекциясы бойынша мәселелерді белсенді жариялаған БАҚ өкілдері бағалы сыйлықтармен марапатталды. ЖИТС орталығының директоры С.Абдраимов және ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы «Спорт АИТВ-ға қарсы» арнайы уәкілі Б.Артаевпен бірге «Орда ФМ» радиосының тікелей эфиріне қатысты. ЖИТС орталығының қызметкерлері халықпен ақпараттық кездесулер өткізіп, сондай-ақ ҚР ДСМ ҚДСҰО теле-студиясында ЖИТС орталығы директорының орынбасары С.Мусина сөз сөйледі.

Кампанияға «Жария» халықаралық орталығы» ҚҚ, «Жизнь вопреки» ҚҚ және «Шаг в будущее» ҚҚ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, олар «АИТВ-инфекциясының алдын алуға менің үлесім» челленджін қолдап, «Аутрич-қызметкердің өмірінен бір күн» бейнероликтерінде өз жұмыстарын көрсетті.

Кампания соңында АИТВ-мен өмір сүретін және ЖИТС орталығында есепте тұрған адамдарға карантин кезеңінде үлкен қолдау болған азық-түлік пакеттері таратылды.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу