Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), І. Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Нұр-Сұлтанда «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» науқаны өз мәресіне жетті

2019 жылдың төртінші желтоқсанында «Барыс Арена» спорт сарайында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған қорытынды акция өтті. Акция кезінде хоккей жанкүйерлері тегін және жасырын түрде АИТВ-ға инвазивті емес түрде сілекей және қан арқылы екі әдіспен экспресс-тестілеуден өтуге мүмкіндік алды, сондай-ақ АИТВ-ның алдын алу шаралары мен берілу жолдары жөнінде консультациялар алды. 

Іс-шараның мақсаты халықтың АИТВ туралы білімдерін арттыруға арналған шараларды жандандыруға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жоюға, сондай-ақ халықты өз АИТВ мәртебесін білу қажеттілігі мен маңыздылығы туралы хабардар етуге бағытталды.  

Айлық кезеңінде қалада 119 іс-шара өткізіліп, бес мыңнан астам адамды қамтылды, оның ішінде мыңнан астам адам АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу