Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы

Қазақстан, Нұр-Сұлтан (Астана), І. Есенберлин к-сі, 5/1
+7 (7172) 38 04 64
+7 (7172) 38 07 02
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Нұр-Сұлтан қ. "Жас Толқын" жастар денсаулық орталығында акция өтті

2019 жылдың 7 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы кампаниясы аясында «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығында «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» ұранымен акция өтті. 

Акцияның мақсаты - АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, ауруды дер кезінде анықтаудың және медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығын халыққа жеткізу, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының жастары арасында жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады.

Медико-техникалық колледждің 1 курс студенттеріне «АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу» тақырыбында дәріс оқылды және тренинг жүргізілді, сонымен қатар «Біз АИТВ-ға қарсымыз» флешмоб көрсетілді. Акция барысында ЖИТС орталығының мамандары Дүниежүзілік науқанның мақсаты туралы айтып, кеңес берді, әрбір адам АИТВ және ЖИТС туралы қызықты ақпарат ала алды.       

Акцияға студенттермен қатар, БМСК мамандары да белсенді қатысты. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу